AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

15 қараша – Қазақстан ұлттық валютасының күні

Кез-келген мемлекетте ұлттық валюта егемендiктiң нышаны, сонымен бiрге экономикалық саясаттың өзектi тетiктерiнiң бiрi болып табылады. 1993 жылғы 15 қараша тәуелсiз Қазақстанның тарихында айтулы күндердiң бiрi болып қалды, ал теңге — Әнұран, Ту және Елтаңбамен бiрге рәмiз болып табылады. Осыдан 23 жыл бұрын, дәл осы күнi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгiзу туралы» №1399 Жарлығымен тұңғыш рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — Теңге енгiзiлдi. Бүгiн. Ұлттық валюта банкнот және монета түрiнде айналысқа енгiзiлдi. Қазiр банкнот — Ұлттық Банктiң Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — Өскемендегi Монета сарайында шығарылады. Ел Президентiнiң Жарлығымен 1997 жылдан берi 15 қараша төл валютамыздың туған күнi әрi қаржыгерлер күнi болып белгiлендi. Осы күнде Көкшетау қалалық мемлекеттiк архивiнде Ұлттық валютаға арналған шағын көрме ұйымдастырып Көкшетау медицина колледжiнiң студенттерiне паш еттi.

    

Мақалың шыққан күні: 16.11.2017 12:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 12:12
Қаралым саны: 4547
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';