Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Жүсіпбекова Динара Кәрімқызы (13.07.1970-27.10.2024)

2024 жылы 27 қазанда 54 жасында Көкшетау қалалық мемлекеттік архивінің директоры Жүсіпбекова Динара Кәрімқызы дүниеден өтті.Динара Кәрімқызы 1970 жылы 13 шілдеде Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Красный Яр ауылында дүниеге келген, К.Д.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын және Фемида заң институтын бітірген, 1993 жылдың 1 қазанынан бастап құқық қорғау органдарында қызмет атқарған. 2020 жылдан бастап Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінің директоры.Еңбекқор, жауапкершілігі мол, адамдарға мейірімді, өз ісіне талапшыл Динара Кәрімқызы лайықты беделге, әріптестерінің құрметіне, алғысына бөленді.Көкшетау қалалық мемлекеттік архивінің ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Мақалың шыққан күні: 28.10.2024
Қаралым саны: 224
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';