AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Семинар-кеңес

2023 жылғы 29 наурызда Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің қызметкерлері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК қызметкерлерімен «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылы 31 тамыздағы № 630», «Тұрақты сақтау құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу. Істерді қалыптастыру, тіркеу»тақырыбына семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, қолы, мөрі, кіріс құжаттың тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме және басқа да деректемелер сияқты ресми бланкілерде құжаттардың деректемелерін ресімдеу мәселелері талқыланды.

Семинар-кеңес жұмысына колледждің құрылымдық бөлімшелеріндегі құжаттармен жұмыс істеуге жауапты мамандар қатысты.

Мақалың шыққан күні: 29.03.2023
Қаралым саны: 510
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';