AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Семинар – кеңес

2024 жылдың 10 қыркүйегінде Көкшетау қаласының Мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтер бақылау бөлімінің басшысы С.В. Кладченко Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мамандарымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес "Тұрақты сақтау құжаттарын және жеке құрам бойынша ғылыми-техникалық өңдеу" тақырыбына семинар-кеңес өткізді.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізілгені туралы ақпарат жеткізілді.

Семинар-кеңес барысында тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды өңдеу мәселелері, сондай-ақ құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар және басқа да мәселелер талқыланды.

Семинар-кеңеске құрылыс-технологиялық колледжінің мамандары қатысты.

Мақалың шыққан күні: 10.09.2024
Қаралым саны: 592
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';