AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Семинар – кеңес

2024 жылғы 25 шілдеде Көкшетау қаласының Мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтер бақылау бөлімінің архившілері С.В. Кладченко және М.Р Шамшиден "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі" мамандарымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес "Істер номенклатурасы. Істерді қалыптастыру және ресімдеу" тақырыбына семинар өткізді.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізілгені туралы ақпарат жеткізілді.

Семинар-кеңес барысында істер номенклатурасын дұрыс құрастыру, істерді қалыптастыру, ресімдеу және сақтау мәселелері және басқа да мәселелер талқыланды.

Семинар-кеңес барысында істер номенклатурасын дұрыс құрастыру, істерді қалыптастыру, ресімдеу және сақтау мәселелері және басқа да мәселелер талқыланды.Семинар — кеңеске салық төлеушілермен жұмыс, берешекпен жұмыс, жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру, кадрлық және Заң жұмыстары, заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімдерінің мамандары, барлығы 8 адам қатысты.

Мақалың шыққан күні: 26.07.2024
Қаралым саны: 711
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';