A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Семинар – кеңес

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген ведомстволық және жеке архивтердің Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын пайдалану ережесіне сәйкес, 2023 жылғы 20 қазанда ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің қызметкерлері "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 13 "ЭКОС" мектеп — гимназиясы" КММ – де қабылдау, сақтау, есепке алу қағидаларына сәйкес "тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша құжаттардың құндылығына сараптама" тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске сондай – ақ: "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің" Көкшетау қаласының № 11 мектеп – гимназиясы" КММ, Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп — лицейі" КММ қатысты.

Семинар-кеңес барысында құжаттарды өңдеу, тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша құжаттарды бөлу, құжаттарды ресімдеу, карточканы толтыру, жеке істерді ресімдеу, тұрақты сақтау тізімдемесін қалай дұрыс толтыру және жеке құрам бойынша мәселелер талқыланды.

Мақаланың шыққан күні: 20.10.2023
Қаралым саны: 611

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz