Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві |
Бүгін 22 мамыр күніархив қызметінің ардагері Бижанова Кенжетай Қалымтайқызы 65 жасқа толды.
Еңбек жолын 1993 жылы, Көкшетау қаласының мемлекеттік архив құрылған алғашқы күннен бастады.Өз ісінің кәсіби маманы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ол ведомстволық архивтер бөлімін басқарды, кейін құжаттардың сақтауын қамтамасыздандыру мен мемлекеттік есепке алу бөлімін басқарды.
Архив саласындағы мол тәжірибесі адал еңбегі үшін бағаланып, Кенжетай Қалымтайқызы бірнеше рет Ақмола облысы және Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, Ақмола облысының архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасы және мекеме басшылығының грамоталарымен марапатталған.
Көкшетау қаласының мемлекеттік архивтің ұжымы Сізді осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтайды, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді!!!
ТЕЛЕФОН': 8 (7162) 50-39-72 | |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ': arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz |