A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
«Қаза тапқандар мен тірілерге тағзым!»

Ұлы Отан соғысы жылдар өткен сайын алысқа өтіп жатыр, көптен күткен Жеңісті әкелген соғыс ардагерлері азайып барады. Сонау алыс жылдарға оралсақ, бұл күнді қан мен тер төккен азаматтардың рухына тағзым етеміз.

2023 жылғы 04 мамырда Жеңіс күні қарсаңында Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві «Қаза тапқандар мен мен тірілерге тағзым!» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Бұл шараға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенттері қатысты.

Бұл көрмеде Көкшетау қалалық атқару комитеті, аудандық атқару комитеті, Көкшетау аспап жасау зауыты қорларының құжаттары, Жақыпов А.Ж., Давлетов А.Д., Нижников Н.Е., Смирнова-Кухарская М. П. Жеке және басқаларының жеке қорларынан құжаттар, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың естелік жинақтары, сондай-ақ 1941-1945 жылдардағы газет материалдары, Көкшетаулықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы мақалалар ұсынылды.

 

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2023
Қаралым саны: 572

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz