A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Еңбегі бойынша құрмет

2003 жылы Көкшетау облыстық сотының сұранысы бойынша, Көкшетау қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 14 ақпандағы № а-1/104 қаулысымен төрағаның есімін мәңгілікке қалдыру құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Көкшетау облыстық сотының Хурманғалиев Казкен Хурманғалиұлы 1980 жылдан 1994 жылға дейін П.Осипенко кошесінде, 27  үйінде тұрған.  

Хураманғалиев Қазкен Хурманғалиұлы 1928 жылы 23 ақпанда Көкшетау облысының Қарөзек ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданының прокуратурасында тергеуші болып бастады, кейін Чкалов ауданының прокуроры болып жұмыс істеді, 1963 жылдан бастап Көкшетау қаласына облыстық прокуратур ауыстырылды.  Көкшетау облыстық сотында облыстық сот төрағасының орынбасары, одан кейін 1980 жылдың маусым айынан бастап Көкшетау облыстық сотының төрағаларына сайланды.  

Қазкен Құрманғалиұлы бірнеше рет партиялық және басқа да сайланбалы органдарға сайланып, қала, облыс көлемінде түсіндіру, ағарту жұмыстарын жүргізіп, қала тұрғындары арасында, азаматтардың заң, құқықтық біліктіліктерін арттыруда, тәрбиелік, түсіндірмелік жұмыстарды атқарға белсенді ат салысты.Ол өз қызметінде білікті, жоғары үстанымды, іскер басшы болды. Ол бірнеше мемлекеттік наградалар мен грамоталар иегері болды, «Халықтар Достығы» ордені, «Тың жер игеру» медалі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Мақаланың шыққан күні: 14.02.2023
Қаралым саны: 334

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz