Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Наурыз мейрамы – көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, табиғаттың жаңаруын да білдіретін жарқын мереке

Наурыз мейрамы – көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, табиғаттың жаңаруын да білдіретін жарқын мереке. Биыл Қазақстан Республикасында көктемгі Наурыз мейрамы «Наурызнама» атауымен, жаңа тұжырымдамаға сәйкес, наурыздың 14-і мен 23-і аралығында өтеді:

14 наурыз – Көрісу күні қонақтарды, жақын туыстарды, отбасы ақсақалдарын, достарын және т. б. шақырып денсаулық, өрлеу, ізгі тілектерін жеткізу дәстүрі бар.

15 наурыз – Қайырымдылық күнде мейірімділік пен қайырымдылық шараларына арнау ұсынылады.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлттық дәстүрлі әдет- ғұрыптарды жүзеге асыруға және насихаттауға арналған.

17 наурыз – Шаңырақ күні отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жастарды, балаларды және немерелерді Адал Азамат құндылықтарына сәйкес тәрбиелеуге арналған.

18 наурыз – Ұлттық киім күні «Наурызнама» онкүндігінде ұлттық киімдерді кеңінен насихаттауға, отбасыларда, кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарында мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға ерекше мән беру ұсынылды.

19 наурыз – Жаңару күні «Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – мемлекеттік дамуындағы жаңа кезең» атты идеологиялық жолдау аясында дәстүрлі ағаш отырғызумен өткізу ұсынылады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні - ат жарыстар немесе сұңқар аулау, сондай-ақ түрлі ұлттық турнирлер сияқты барлығы қатыса алатын ұлттық спорт түрлеріне арналған.

21 наурыз – Ынтымақ күні - Наурыз мерекесіне арналған бейнеқұттықтаулар ұйымдастыру ұсынылды.

22 наурыз – Жыл басы күні - мерекелік онкүндіктің қорытындысы шығарылып, түрлі байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерімен қатар, бұқаралық шаралар мен халықтық мерекелер өтеді.

23 наурыз – Тазару күні - Наурыз мейрамының соңғы күнін жалпыұлттық экологиялық науқанға, су айдындарын тазарту, аумақты қар мен қоқыстан тазарту бойынша жаппай іс-шаралар өткізу ұсынылды.

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивтың ұжымы Сіздерді көктемнің Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Мақалың шыққан күні: 14.03.2024
Қаралым саны: 160
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';