A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Халықаралық медбике күні

Бірінші ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай 12 мамыр ресми түрде Халықаралық медбике күні болып бекітілді.Қырым соғысы кезінде бірінші болып жараланған сарбаздарға күтім көрсету қызметін ұйымдастырды, бұл соғыс қимылдары кезінде өлім-жітімнің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті. 1934 жылы Ф. Найтингейл атында Халықаралық қор құрылды, оның бастамасымен Халықаралық медбикелер күні жыл сайынғы мерекеге айналды.          

1973 жылы Халықаралық медбикелер кеңесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен батылдығы үшін Қазақстанда бірінші болып Смирнова-Кухарская Мария Петровнаны Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай комитетінің жоғары наградасы, Флоренс Найтенгейл медалімен марапаттады.1941 жылы шілдеде өз еркімен майданға аттанып, алдыңғы қатардағы медициналық пойызда дәрігер нұсқаушысы болып, Сталинград шайқасына қатысты.Соғыста ол атқыштар батальонының санитарлық взводының командирі лейтенант шенімен Дрезден қаласында соғысты аяқтады.Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінда Смирнова-Кухарская М.П. жеке тегі туралы құжаттар, оның ішінде 1942-1945 жылдардағы соғыс қимылдары кезінде жазылған күнделік көшірмесі бар.Ол өлімнен қорықпай батыл болып, жауынгерлік тапсырмаларды орындауда жараланған жауынгерлерді ұрыс даласынан шығарып, барлау жұмыстарына қатысты. 1985 жылы Кабулда барлық медицина қызметкерлерін мекемелерге бөлгенде, Ауған соғысының қатысушысы, жерлесіміз Гүлнәр Макишева Пәкістанның ең ыстық нүктесінде орналасқан Кандагар әскери госпиталіне жолдама алған.Ол 3 жылға келісімшартқа отырды, келісім-шартты бұзуға қаншама мүмкіндігі болсада, ол мұны істей алмады, себебі әскери борышы бірінші орында болды. Сонымен қатар медбикелер, дәрігерлер, сарбаздар оның оралуын әскери госпитальде күтті.1988 жылы туған жері Көкшетауға оралған ол ведомстволық аурухананың емханасында жұмысын жалғастырды.Жанқиярлық еңбегі мен батылдығы үшін медбике Макишева Гүлнар Дәуренбекқызы «За трудовую доблесть», «Ветеран боевых действий» медальдарымен, «Милосердие и отвага» құрмет белгісімен және т.б. марапаттармен марапатталды.«Милосердие» қозғалысына қосқан зор үлесі үшін соғыс мүгедектерінің аумақтық орталығы және Ауғанстан ардагерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.         

Медбикелер – дәрігердің міндетті көмекшісі болып саналатын, алғашқы медициналық білім алған және дәрігердің нұсқауын орындайтын немесе ауруларды күтетін фельдшер мамандығы. Қазіргі бейбіт уақытта медбикелер медицина қызметкерлерінің ең үлкен санатын құрайды, өйткені медициналық тәжірибеде медициналық қызметтердің үлкен үлесін тек медбикелер көрсетеді.           

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивтың қызметкерлері барлық медбикелерді кәсіби мерекелерімен Дүниежүзілік медбикелер күнімен құттықтайды! 

  

Мақаланың шыққан күні: 12.05.2023
Қаралым саны: 871

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz