Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві |
2024 жылдың 9 қыркүйегінде «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен "Мемлекеттік тілде құжат ресімдеудің талаптары" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінің ведомстволық архивін бақылау бөлімінің архившісі Г.С. Мутина дөңгелек үстелде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттамалар жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген ережесіне сәйкес, «Құжаттама жасау, құжаттарды дайындау және ресімдеу тәртібі» (бұйрық, хат, хаттама, акт, анықтама) тақырыбына баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында құжаттардың деректемелерін дұрыс ресімдеу мәселелері талқыланды.
ТЕЛЕФОН': 8 (7162) 50-39-72 | |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ': arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz |