A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Ғылым қызметкерлері күні

12 сәуірде Қазақстанда ғылыми қауымдастық өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мерекенің күні академик Қ.И. Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым академиясы-ның тұңғыш президенті. Геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964) Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып қана қоймай, оны іс жүзінде құрып, КСРО Ғылым академиясының филиалдары мен ғылыми-зерттеу институттарын Қазақстанда құру арқылы ғылымды дамытуды, ақырында Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуына қол жеткізді. 1999 жылы Көкшетау қаласында Ленин көшесі оның есімімен аталды.Ғылыми ортаның белгілі тұлғаларынан профессор, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Құрметті барлаушысы Қазбеков Айтқажы Қазбекұлын да еске аламыз. Көкшетау қаласының мемлекеттік архивта оның жеке текті құжаттары сақталған. Зеренді ауданындағы Қарабұлақ ауылының тумасы. 1951 жылы Көкшетау қаласындағы № 3 қазақ орта мектебін алтын медальмен бітірген. Ленинград мемлекеттік университетінің геология факультетін бітірген Айтқажы Қазбекұлы өз өмірін гидрогеологиямен байланыстырды. 44 жыл бойы жер асты суларын іздестіру және барлау жұмыстарымен айналысып, елуден астам ғылыми мақалалар, геологиялық баяндамалар, гидрогеологиялық қорытындылар, бірнеше ғылыми-көпшілік кітаптар жазды. Оның басшылығымен Көкшетау үшін Павловское және Чаглинское жер асты сулары кен орындары барланып, пайдалануға берілді. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашуда, жүздеген жер асты су көздерін ашуда да еңбегі зор. Сіңірген еңбегі мен ашқан жаңалықтары үшін Қазақстан Республикасының құрметті барлаушысы ордендермен, медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. 2009 жылы Көкшетау қалалық мәслихатының шешімімен А. Қ. Қазбековке «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген, 2010 жылы есімінің құрметіне өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2023
Қаралым саны: 571

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz