A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Мұрағатшылар күні

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 қаулысымен мереке күндерінің күнтізбесіне архив күні енгізілді. Бұл күн бекер таңдалмаған. Өйткені, дәл осы күні 1998 жылы елімізде алғаш рет "Ұлттық архив қоры және архив туралы" заң қабылданды.

Бұл заң бірнеше міндеттерді — мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін халықтың жазбаша тарихи-мәдени мұрасын қалыптастыру, сақтауды қамтамасыз ету, ғылыми пайдалану үшін құқықтық база құрды.

Архив — бұл құнды құжаттардың қоймасы ғана емес, сонымен қатар өткеннің пердесі ашылатын орын. Жаһандық мағынада архив — бұл жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен тарихтың қоймалары. Архивтік ақпаратқа жүгінсек, біз маңызды фактілерді білуге, Әйтпесе өткен оқиғаларға көз жүгіртуге мүмкіндік аламыз.

Архивист күні — маңызды мәліметтер мен құжаттарды сақтауға байланысты барлық қызметкерлерді құттықтауға себеп.

Бүгін Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Серікпайұлы Рапиков мұрағат қызметінің мамандарын марапаттады, олардың арасында Көкшетау қаласы мемлекеттік архивінің қызметкері Мусина Раушан жұмысқа жауапкершілікпен және адал ниетпен қарағаны үшін грамотамен марапатталды.

Көкшетау қаласының мемлекеттік архив ұжымы әріптесін лайықты алғыс хатымен құттықтайды.

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2022
Қаралым саны: 430

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz