Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві |
Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Қазақ мақалы: «Құстың күші – қанатында, адамның күші – достықта» дейді. Қазақ халқы өзінің байырғы, төл мәдениетімен, салт-дәстүріне адалдығымен, саздылығымен, қонақжайлығымен ерекшеленеді. Отан – адамның туып-өскен жері, кез келген ағаштың бұтағы қанша кең болса да тамырына берік болғандықтан, еліміздің тарихын білу, тамырын жадымызда ұстауымыз керек.
25 қазан – Қазақстандағы аса маңызды күн – мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы басталатын ерекше кезең, Қазақстан тарихындағы бетбұрыс.
Республика күні 1995 жылы қазанда мемлекеттік мереке болып жарияланды және 2009 жылдан бері тойланбай келеді. 2022 жылдан бастап ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ол мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтарылды.
ТЕЛЕФОН': 8 (7162) 50-39-72 | |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ': arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz |