A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Республика күні – ұлттық мереке

25 қазан – еліміз үшін Қазақстан тарихындағы ең маңызды күндердің бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, онда аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ мемлекетті басқару сияқты мемлекеттіліктің қағидаттары бекітілді. Шын мәнінде, бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы еді.

2001 жылы 25 қазан мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілсе, кейінірек 2009 жылы еліміздің Тұңғыш Президентінің жарлығымен мерекелік күндер тізімінен алынып тасталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың ағымдағы жылдың маусым айында өткен бірінші отырысында Республика күнін мерекелеуді қайта жаңғыртуды ұсынды. Мемлекет басшысы Республика күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өту керектігін атап өтті. Ал Тәуелсіздік күнін Елбасы халық қаһармандарын еске алу күні ретінде атап өтуді және оны мемлекеттік мерекелер қатарына қосуды ұсынды.

 

Мақаланың шыққан күні: 25.10.2023
Қаралым саны: 457

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz