Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Целина 70 жыл

Биылғы наурызда тың жерлерді игеруге 70 жыл толады, КОКП ОК-нің 1954 жылғы ақпан — наурыз Пленумының Қаулысына сәйкес ауқымы жағынан бұрын — соңды болмаған ғаламдық, орасан зор оқиға басталды.           

Одан кейін кең байтақ еліміздің түкпір — түкпірінен, бұрынғы Кеңес Одағынан шыққан жастар, еріктілер, әр жастағы, әр түрлі кәсіптегі адамдар комсомол жолдамасымен жіберілді. Суық шатырлар мен тар дала тіркемелеріндегі тірлік, қарлы боран мен тұрақсыз, құбылмалы ауа — райы, қырық градустық аяз, жолсыз жағдайлар, көктемдегі өтпейтін лай – Көкшетау өңіріне келген патриоттар үшін тың игеру осылай басталды. Бұрын бос жатқан жерлерде жаңа совхоздар бой көтеріп, елді мекендер, жолдар, электр желілері тартылып, адам ресурстарынан басқа техника, әртүрлі жабдықтар, құрылыс материалдары, тұқымдар жөнелтілді. Ескі өнеркәсіп орындары кеңейіп, механикалық зауыт, оттегімен тыныс алатын қондырғылар зауыты, автомобиль жөндеу зауыты, темір — бетон бұйымдары зауыты, киім — кешек, жиһаз, етік киіз басу фабрикасы сияқты жаңа өнеркәсіп орындары салынуда. Бұл ретте жаңа типтік мектептер, балабақшалар, ауруханалар салынып, тұрғын үй құрылысы артып, қала көркеюде.           

Тың игеру жылдары кешегі адамдардың жанкештілігі мен еңбек ерлігінің үлгілеріне бай. Астық өсіру ісінде олардыңтағдырларымен байланысты Социалистік Еңбек Ерлері Әбілжан Умышев, Васлий Петрович Зуб, Ұлтай Нұрсейітов, Тұрлубек Әбілпейісов, Николай Елисеевич Нижников, Кенжетай Рамазанов, Татьяна Гавриловна Савенко және тағы басқалардың есімдері сол кезеңдердің мақтанышы мен даңқы болды.           

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 28 қазандағы Жарлығымен астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруда, астық дайындаудың және мемлекетке сатудың жылдық жоспарын асыра орындап, облыс еңбеккерлерінің қол жеткізген ірі табыстары үшін., 1958 жылы Қазақ КСР Көкшетау облысы Ленин орденімен марапатталды.           

Тың өлкелері эпопеясының әлеуметтік-экономикалық мәні әртүрлі бағаланады, бірақ соғыстан кейінгі жылдарда мемлекет құруға қатысқан әр ұлттың еңбекшілері үшін туған жеріміз Көкшетау жері екінші үйіміз, екінші Отанға айналды.     

 

Мақалың шыққан күні: 28.02.2024
Қаралым саны: 338
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';