A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Көкшетау қаласының архивіне – 30 жыл

2023 жылғы 8 ақпанда сағат 11-00 Көкшетау қаласы, Сүлейменов көшесі 10 «Достар» мәдениет сарайының кіші залында «Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» КММ 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты іс шараға Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысының орынбасары Ерденов Данияр Шоқанұлы, Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының архив бөлімінің басшысы мен бас мамандары, архив қызметінің ардагерлері, Ақмола облысы Зеренді, Бурабай аудандарының мемлекеттік архивтер директорлары, ведомстволық ұйымның архивистері қатысты.

Революцияға дейінгі кезеңнің құжаттары, ақпараттық-анықтамалық басылымдар, соғысқа дейінгі кезеңдегі газет басылымдары, жеке тегі туралы құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, Екінші дүниежүзілік соғысқа, Ауғанстан соғысына қатысушылар, т.б., «Достар» мәдениет сарайының фойесінде суретті құжаттар ұсынылды.

Құттықтау сөздерімен Ерденов Д. Ш., Филипьева Г.М., және Мемлекеттік архив директорының м. а. Хасенова К. Е. ұйымның тарихына тоқталды. Баяндамалар «Көкшетау қаласының мемлекеттік архивіне 30 жыл» атты слайд көрсетілімімен сүйемелденді. Мемлекеттік архив қызметкерлерін марапаттау рәсімі және концерттік бағдарлама өтті.

Мақаланың шыққан күні: 08.02.2023
Қаралым саны: 332

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz