Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Өткен ғасырдың 20-жылдарынан басталып, 30-40, 50-жылдары бүкіл елді шарпыған «Қызыл террор» саясаты бұрынғы Кеңес Одағының тарихында қанды із қалдырды. Тарихшылардың мәліметінше, 130 мыңдай қазақстандық қуғын-сүргіннің диірмен тасын бастан өткерді, 25 мыңнан астамы атылды, қазақтардың 42 пайызы аштықтан өлді, миллионнан астам адам көшіп кетті.

2024 жылдың 30 мамырында «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві және  Көкшетау қаласының мәдениет бөлімі, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар – модератор С. С. Жетпісқалиев, және әр  мекемелердің өкілдері, атап айтқанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – А. А. Сейткасымов, «Аманат» партиясының облыстық филиалы – А. А. Әлімбетова Ақманат Ақниетқызы, «Вайнах» шешен-ингуш диаспоры Г. М. Точиев,  Көкшетау қаласының мемлекеттік архив директордың орынбасары – К. Е. Хасенова өткен ғасыр тоталитарлық режимдегі қоғамды құрбандар мен жазалаушыларға екіге бөлген бұрын-соңды болмаған көлемдегі сотсыз өлтірулер туралы айтты.

Қуғын-сүргінге ұшыраған Шульц Л. С. туралы оның қызы Людмила Степановна Хаврушина естеліктерімен бөлісті, 1941 жылы Саратов қаласынан Көкшетау облысына жер аударылған атасы мен әжесі Дизендорфтардың тағдыры туралы немересі Юлия Николаевна Кириленко Көкшетау қаласының мемлекеттік архив қызметкері әңгімеледі.         Жаппай саяси қуғын-сүргін дәуірі –қатыгез, бірақ маңызды тарих сабағы. Бұл қайталанбауы тиіс, осыны біліп, әрқашан есте сақтау – бүгінгі өмір сүріп жатқандар-дың міндеті.

Мақалың шыққан күні: 31.05.2024
Қаралым саны: 719
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';