A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
23 маусымда дәстүрлі түрде екі кәсіби мереке атап өтіледі:Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні

2007 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым полиция күні болып ресми түрде бекітілді.2013 жылы дәл осы күні – 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні бекітілді. 

Қазақстан полициясының күні — бұл қазақстандық полицияны жанқиярлықпен құрып, оның қатарында қызмет етіп жүргендердің барлығына ризашылық белгісі. Бұл өз ісіне адал қызмет ету арқылы халықтың құрметіне ие болған оның ардагерлеріне ризашылық білдіру. Бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін жанын қиған жандарды еске алу құрметі. 

Мемлекеттік қызмет — бұл мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын бүкіл мемлекеттік жүйенің маңызды элементтерінің бірі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тиімді мемлекеттік билік қана халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруге, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті. 

Құрметті мемлекеттік қызметкерлері, полиция қызметкерлері және ардагерлер, Көкшетау қаласының мемлекеттік архивның ұжымы Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды!Сіздерге қажырлы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілейміз.  

 

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2024
Қаралым саны: 1267

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz