A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін, 1 наурыз көктемнің алғашқы күні қазақстандықтар Алғыс айту күнін тойлайды. Алғыс айту күнін тойлай отырып, Қазақстан қиын кезеңде миллиондаған мигранттарды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде танылды.Қазақстанның қазіргі көпұлтты отбасы бірнеше көші-қон толқындарының нәтижесі, Республикаға әр жылдары тұтас халықтар жер аударылғанына Кеңес үкіметінің саясаты себеп болды. Бұл халықтардың өкілдерін вагондардан жалаңаш далада түсірген, ал қазақ отбасылары, өздері өте мұқтаж жағдайда бола тұра, оларды өз отбасыларына қабылдап алды. Осы адамдардың барлығы қалай қоныстанып, аман қалуы – барша қазақстандықтардың еңбегі. Сондықтан бұл мерекенің белгіленуі – барша этностардың бір-біріне және осы адамдарды туысқан ретінде қабылдаған қазақтарға деген құрметі мен алғысы.«Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт» - мерекенің басты хабарларының бірі, және бұл күннің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, достық пен бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту.

Мақаланың шыққан күні: 01.03.2023
Қаралым саны: 444

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz