A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Қазақстанда Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 15 қарашада тойланады

1993 жылы 15 қарашада кеңестік рубльдің орнына тұңғыш қазақ теңгесі айналымға енді. Бұған дейін Ресей, Қазақстан және бұрынғы Одақтың басқа республикалары арасында сол кезде қалыптасқан күрделі жағдай болды.           

Мәселен, 1993 жылдың шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1992 жылғы үлгідегі кеңестік банкноттарды, сондай-ақ 1992 жылғы үлгідегі 5 және 10 мың рубльдік ресейлік банкноттарды айналыстан шығару науқанын жүргізді. Бұл, шын мәнінде, ескі рубль аймағының ыдырауын білдірді.           

Ресейдің Орталық банкі күшін жойған ескі үлгідегі кеңестік рубль ағыны бұрынғы одақтас республикаларға, соның ішінде Қазақстанға да үлкен көлемде құйылды. Бұл инфляцияның жаңа айналымына, кейінірек гиперинфляцияға әкелді. Қазіргі дағдарыстық жағдайдан тезірек шығу үшін түбегейлі ақша реформасын жүргізу қажет болды.           

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. Сол жылы 15 қарашада рубльді теңгеге – 500 рубль 1 теңгеге ауыстыра бастады.           

Жаңа валютаның атауы символикалық және тарихи мәнін көрсететін атау таңдалды. «Теңге» сөзі ортағасырлық түркілердің «денге» немесе «танга» күміс теңгелерінен шыққан, өз кезегінде орыс монетасының «денга» атауы мен «ақша» сөзінің өзі осыдан шыққан. Ақшаның кішірек номиналы «тиын» деп аталды.           

Ұлттық валютаның алғашқы банкноттары Ұлыбританияда, ал алғашқы монеталар Германияда соғылған. 1995 жылдан бастап Қазақстанның жеке банкнот фабрикасы бар. Теңге дизайны мен қорғалу дәрежесі бойынша әлемнің ең үздік валютасы ретінде бірнеше рет танылды.           

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінда ұлттық валютаның және 1898-1993 жылдардағы банкноттардың шағын коллекциясы бар.

Мақаланың шыққан күні: 15.11.2022
Қаралым саны: 446

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz