Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

15 наурыз — «Табиғат күні» (Жайлау күнi)

Дүние жүзіндегі әртүрлі халықтардың табиғатты және оның ресурстарын сақтау мен құрметтеудің өзіндік қалыптасқан дәстүрлері бар. Тұтас халықтардың өмiр сүруi соларға байланысты болғандықтан, қазақтар да өздерiн жердiң бiр бөлiгi санап, қоршаған ортаға ұқыптылықпен, құрметпен қараған. Бүгінгі экоәдет немесе экологиялық қағидалар деп айтатын мұндай дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тура мағынасында туғаннан, ана сүтімен бойына сіңген.Жақындап келе жатқан Наурыз мейрамы табиғатпен және оның жаңаруымен тығыз байланысты және өмірдің өзінің салтанат құруының, сонымен қатар қоршаған ортаға деген құрметтің символы ретінде қызмет етеді. Сондықтан Наурыз мейрамының онкүндігінің екінші күні Көрісу күнінен кейін бірден Табиғат күні, жайлау күні келеді, ол әдетте наурыздың 15-інде тойланады.

Мақалың шыққан күні: 15.03.2023
Қаралым саны: 469
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';