A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
100 жылдығы

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінде Көкшетау облысына еңбегі сіңген ұстаздар тізімінде Клавдия Константиновна Солонскаяның есімі берілген, оның жеке құжаттары архивта сақтаулы.

Көкшетау облысы Айртау ауданы Афанасьевка ауылынан шыққан, 1923 жылы 5 тамызда шаруа отбасында дүниеге келген. Клавдия Константиновна 30 жылдан астам уақыт бойы жас ұрпақты тәрбиелеуге барын салып, биология және химия пәндерінің мұғалімі, кейін Көкшетау қаласы Рузаевка ауылындағы мектептердің директоры қызметтерін атқарды.

Петропавловск мұғалімдер институтының студенті ретінде соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздардағы ауыл шаруашылығы жұмыстарына, шөп шабуға, өңдеуге, егін жинауға қатысты. Студенттер госпитальдарға жұмысқа, сондай-ақ жолдар мен темір жолдарды тазалауға, майдангерлерге жылы киім жинауға көмектесуге баруға мәжбүр болды. «Ел үшін өте қиын болды, ол кезде оқу үшін қиын жағдай болды, бірақ бәрі ынтамен оқыды, біз мектепке, балаларға керек екенінмізді түсіндік ...» - бұл сөздер оның естеліктерінен.Оның қоғамдық жұмысқа қатысуы туралы келесі деректер дәлел. Тың эпопея жылдарында ауылдағы бастауыш партия ұйымында насихатшы қызметін атқарды. Рузаевка, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бірнеше рет Рузаевка ауылдық, аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланды. Ұстаздық қызметпен қатар қоғамдық, комсомолдық, партиялық қызметтерді де атқарды.Солонская Клавдия Константиновна өзінің тынымсыз және көп жылғы еңбегі үшін бірнеше рет марапатталды. Бұл көптеген марапаттар, мысалы: медаль «За доблестный труд во время Великой Отечественной войны 1941-1945 г.г.», «За освоение целинных и залежных земель» медалі және басқа да көптеген.

 

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2023
Қаралым саны: 959

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz